• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:16:41
Алматы
+12°

15 Шілде, 2024 NEWS

Әйеліне әлімжеттік көрсеткен Марат Әйтенов қамауға алынды

Әйелі мен балаларын үйінен күштеп қуып шығарған "Самұрық Қазына" ҰӘҚ экс-топменеджері Марат Әйтенов 5 тәулікке қамауға алынды.

Фото: forbes.kz

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты іс қаралды.

12 шілде күні Әйтеновтің экс-жұбайы Дана Атешова әлеуметтік желідегі парақшасында өзін балаларымен қосып үйден күштеп шығарып жатқаны туралы видео жариялаған болатын. 

"Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ ", - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, Марат Әйтенов "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары,  "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Ал оның інісі Мұрат Әйтенов 2020-2023 жылдары Шымкент қаласының әкімі болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір