16 Шілде, 2024 NEWS
Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған есебінен газ өндіруді 2,3%-ға арттыру жоспарланып отыр
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазіргі жағдай мен биылға арналған болжамды жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Көрнекі сурет
Энергетика министрлігінің жоспары бойынша, 2024 жылдың соңына дейін Қазақстанда 60,5 млрд м3 көгілдір отын өндіріледі. Өткен жылғы көлеммен салыстырғанда өсім - 2,3%.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 30 млрд м3 газ өндірілді. Бұл - жылдық жоспардың 50%. Негізгі өсім Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен қарастырылған.
Өткен жылы тауарлық газды өндіру көлемі 29,8 млрд м3 болды. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта 14,9 млрд м3 өндірілген, бұл биылғы жоспардың 50%-ына тең.
«Ішкі нарықтың қажеттіне 2023 жылы 19,4 млрд м3 жеткізілді. 2024 жылға болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд м3. Сұйытылған мұнай газын өндіру жоспары да өткен жылдың деңгейінде – 1,6 млн тонна. Бүгінгі таңда 0,8 млн тонна немесе 53,3% өндірілді», деді А.Сәтқалиев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір