16 Шілде, 2024 NEWS
Фото: gov.kz
Әбілқайыр Байпақов Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Осы жылдар ішінде облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары әкімі аппаратында, облыс әкімі аппаратында басшы, Баянды ауылының әкімі,"Каспий" ӘКК ҰК" АҚ директоры, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір