• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 04:56:58
Алматы
+35°

19 Шілде, 2024 NEWS

Майқайыңдағы апат: Үшінші адамның денесі 7 айдан кейін табылды

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды. Бұл туралы "Майқайыңалтын" компаниясының бас директоры Қайролла Жүрсінбаев мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

"Ол таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Біз іздеуді күн шыққан кезде бастаймыз. 13.30 шамасында мәйітті бүтін етіп шығаруға тырыстық Эскалатор мәйітті зақымдауы мүмкін. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды" — деді Қайролла Жүрсінбаев.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда алтын кен орнындағы шахтаға бара жатқан құтқарушылар мінген автобус карьерге құлап кеткен.

Автобуста үш құтқарушы мен жүргізуші болған. Көп ұзамай екі адамның мәйіті табылған. Бүгін үшінші адамның мәйіті табылды. Қаза болған төртінші адамның денесі іздестіріліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір