• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:55:37
Алматы
+12°

Көрнекі сурет

Биыл еліміздің бірқатар өңірін шегірткелер шабуылдап, егістік алқапқа қауіп төндіріп отыр. Қазақстан аумағында үйірлі (азиялық шегіртке, итальяндық прус және мароккалық шегіртке) және саяқ шегіртке таралған. Енді осы шегірткемен күреске бюджеттен тағы қаржы бөлінеді.

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бұған дейін 4,2 миллиард теңге жетпей қалғанын айтты. Енді қосымша бюджеттен 3,9 миллиард теңге беріледі.

«Болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды», – дейді Олжас Бектенов.

Жалпы соңғы 5 жылда шегірткемен күреске бөлінетін қаржы көлемі 15 есе өсті. Себебі зиянкестердің таралу аумағы жылдан жылға артып келеді. 2020 жылы жарты млн гектар аумақты жайласа, биыл 2,5 млн гектар жерге таралған.

Қазір соның 2,4 млн гектары тазартылды. Тек Ақтөбе, Қостанай облыстарында нөсер жауын жауып, қатты жел соғуына байланысты улау жұмыстары кейінге шегерілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: шегіртке бюджет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір