• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 06:40:50
Алматы
+12°

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Копай шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы игерілетін жер көлемі 44,6 гектарды құрайды. Мұнда 29 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда. Бұл жалпы ауданы 289,9 мың шаршы метр болатын 18 кешен. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 73,1 мың м2 болатын 9 тұрғын үй салынуда. Көпқабатты үйлердің құрылысын аяқтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір