29 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Президент өкімімен Марат Қалқабаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Айта кетейік, Марат Қалқабаев 1989 жылы Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Октябрь революциясы орденінің Қызыл Ту мектебін бітірген.
2011 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы беріген. 2013 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір