• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:10:08
Алматы
+12°

30 Шілде, 2024 NEWS

Көлік министрі елдегі үш әуежайдың басшыларына ескерту жасады

Азаматтарды қабылдау барысында көлік министрі Марат Қарабаев жолаушылардан түскен шағымнан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе әуежайларын ретке келтіруді тапсырды.

Фото: ашық дереккөзден

Көлік министрлігінің мәліметінше, қабылдауға келген азаматтар әуежайлар мен теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсетуге, сондай-ақ күре жолдарда атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты мәселені көтерген.

Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны еліміздегі теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассалардың болмауы мәселесін көтеріп, шағымданды. Жалпы бүгін ел аумағында 300-ден астам теміржол вокзалы жұмыс істейді. Олардың бірнешеуі ғана арнайы кассалармен жабдықталған. Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің қызметкерлеріне барлық вокзалдарды тексеріп шығу және теміржол вокзалдарында ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кассаларды орнату мәселесін қолға алуды тапсырды. Бірінші кезеңде мамандар ірі теміржол вокзалдарын, содан кейін шағын станцияларды тексеріп шығады. Вокзалдарды тексеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар Марат Қарабаев жолаушылардың шағымдарынан кейін Ақтау, Астана және Ақтөбе қалаларының әуежайларын ретке келтіруді тапсырды. "Бірінші кезекте бұл әуежайларда тазалық пен тәртіп орнату қажет. Әуежайлардың басшылығына ескерту", - деді Марат Қарабаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір