• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 08:15:27
Алматы
+8°

Қорғаныс министрлігіне темір жол және автожолдар бойынша әскери техниканы көшіру туралы ескертілді, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі.

3-6 маусым аралығында ҚР Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі. Жеке құрам мен жауынгерлік техниканы әртүрлі өңірлердегі полигондарға шерумен және темір жолмен ауыстыратын болады.

Жаттығу барысында бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілеттілігі мен үйлесімділігі, әскери қызметшілердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару дағдылары бағаланады.

"Осыған байланысты әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір