• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:06:43
Алматы
+12°

Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова хабарлады. 

"Қызылорда облысында денесінің 75 пайызға жуығын күйік шалған, аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде", - деді министр.

Айта кетейік, 29 шілде күні Қызылордада газ баллоны жарылып, 4 бала жараланған болатын. Оқиға Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде болған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: газ апат\

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір