• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:25:19
Алматы
+8°

01 Тамыз, 2024 NEWS

Қазақтелекомның салғырттығынан бала ажал құшты: Қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында Қазақтелекомның салғырттығынан сымдардың бірі үзіліп, кішкентай бала мерт болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Ернар Сайдилдиннің айтуынша, кішкентай баланың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді басталды.

«Кеген ауданының полиция қызметкерлері абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жұмысты орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның бүкіл мән-жайын зерттеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындау арқылы бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- деп атап өтті полиция өкілі.

Еске салайық, қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақтелеком

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір