• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:10:10
Алматы
+12°

2024 жылғы шілде айында айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады. Маусым айында бұл көрсеткіш 0,4% болаған еді. Бір айда еліміздегі ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

Шілдеде ұялы байланыс бағасы 11,5%, интернет-байланыс қызметі 6,8%-ға өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5%-ға қымбаттады.

Ал баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.

Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп – 7,5%, пияз – 7,3% өсті. Темекі өнімдері – 3,8%, минералды су 1,6% өсті. Арзандаған тауарлардан: қызанақ бағасы 18,2%, тәтті бұрыш – 11,2%, қызылша – 6,3%, қияр – 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.

2024 жылғы шілдегі есеп бойынша жылдық инфляция деңгейі 8,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 14,5%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 7,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.

2023 жылғы шілдесімен салыстырғанда су тарифі 42,7%, суық суға – 36,5%, орталық жылытуға – 33%, электр энергиясына – 31%, ыстық суға – 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері 11,4%, байланыс қызметтері 10,7% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы 59,4%, белсендірілген көмірге – 32,1%, хилак фортеге – 25,4%, парацетамолға 19,8% өсті. Банан – 29,9%, жүзім – 26,6%, қияр – 23,5%, зәйтүн майы 20,2% қымбаттады. Ал жылдық мәнде пияз бағасы 34,8%, қарақұмық жармасы – 22,1%, күнбағыс майы – 20,8%, қырыққабат 19% арзандады.

 

ЦСВ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір