• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:41:27
Алматы
+7°

Қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

"Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан "Eolus" жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.  

Айта кетейік, пирамиданы ұйымдастырушылар салымшылардың түскен барлық қаржысын транзиттік крипто әмияндарды пайдалану арқылы жасырып отырған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қаржы пирамидасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір