• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 14:51:29
Алматы
+12°

02 Тамыз, 2024 NEWS

Жеке дерегі ұрланғандардың Egov кабинетінде «стоп кредит» тетігі автоматты түрде іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов «стоп кредит» тетігінің автоматты қызметін жетілдіру көзделіп отырғанын айтты.

Көрнекі сурет

«Біз қолды болған жеке деректердің бірыңғай тізілімін жасауды жоспарлап отырмыз. Біздің елде осындай функционал болғанын қалаймыз. Ол функция бүкіл әлемде болып жатқан жеке дерек ұрлықтарын тіркеп отырады. Өздеріңіз білесіздер, бұдан Қазақстан азаматтары ғана емес, бүкіл әлем азаматтары зардап шегіп отыр. Біз осы ұрланған деректердің ішінен қазақстандықтардың деректерін тауып, бірыңғай базада сақтаймыз. Біріншіден, бұл өз азаматтарымызға оның құқығы бұзылғанын және шағым түсіруге хақылы екенін хабарлау үшін керек. Екіншіден, осы деректер базасы арқылы әр азаматқа жеке шығып, алаяқтар хабарласқан жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйретеміз. Үшіншіден, ең бастысы, біз жеке деректер қолды болған жағдайда электронды үкімет порталында "стоп кредит" функциясын автоматты түрде қосатын өкілет алғымыз келеді», — деді ол.

Руслан Әбдіқалықов аталған функция былтырдан бері ерікті тәртіппен жұмыс істеп тұрғанын еске салды.

«Яғни, азамат электронды үкіметтен жеке кабинетіне кіріп, осы функцияны қосса ғана алаяқтардан сақтайды. Енді жеке дерегі қолды болған азаматтардың сыртынан автоматты түрде „стоп кредит“ функциясын қосуға өкілет алуымыз керек. Егер азаматқа кейін несие алу керек болса, eGOV-ке кіріп, ол функцияны еш кедергісіз алып тастай алады. Бірақ несие рәсімдеп болғаннан кейін ол функцияның жалаушасын қайта қосқаны дұрыс. Өйткені бұл әр азаматтың қаржылық қауіпсіздігі үшін өте маңызды», — деді комитет басшысы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: eGOV Цифрлық даму

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір