• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Желтоқсан, 19:18:06
Алматы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция мен прокуратурамен бірлесіп Астана мен Алматыда 3 ірі есірткі зертханасының әрекетін жойғанын хабарлады.

Аталған деректер бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, қамауға алынған.

"Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды. "Қара" нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір