06 Тамыз, 2024 NEWS
Биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылады: оқу-ағарту министрі жауап берді
Салтанатты жиын дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді
Көрнекі сурет
Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келіп тұр. Мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында айтты.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі биыл алғашқы қоңырау қай күні өтетінін мәлім етті.
- 1 қыркүйек – символикалық мәні бар күн. Сол үшін алғашқы қоңырау салтанаты жексенбі болса да, 1 қыркүйекте өтеді. Бұған дейінгі барлық уақытта салтанатты жиын дәл осы күні өткен. Биыл да ештеңе өзгермейді, - деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір