07 Тамыз, 2024 NEWS
Фото:ratel.kz
Маңғыстау облысы прокуратурасының балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында жарғылық мақсаттарға қайшы қызмет еткен мекемелерді анықтады.
Облыста қызмет көрсеткен 5 пансионат білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы жоқ бола тұра, тәрбие құралы ретінде діни әдебиеттерді пайдаланған.
Тексеру нәтижесінде еңбек, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт сөндіру заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін пансионаттарға қатысты 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1,3 млн теңге айыппұл салынды.
Өз мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн балалардың заңды өкiлдерi (ата-аналары) де әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір