08 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Елімізде пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға қымбаттайды. Бұл туралы көлік министрлігі хабарлады.
"Барлық стандартты облысаралық пойыздардың орташа тарифі 6 377 теңге болса, 7 652 теңге болады. "Тальго" пойыздарымен жүрудің орташа құны 10 579 теңгені құраса, 12 695 теңге болады. Бұл автокөліктер паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және жұмысшылардың жалақысын арттыру үшін қажет", — деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, 2024 жылдың басында "Қазақстан темір жолының" қарызы 2,9 трлн теңгені құрады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір