• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:34:26
Алматы
+7°

Алматы облысындағы демо­графиялық дүмпу мен мигра­циялық ахуал өңірдің әлеу­меттік қызметтік көрсету нысандарына деген сұранысты жыл сайын арттырып келеді.

2024 жылдың 1 маусымдағы статистикаға сәйкес, Алматы облысындағы халық саны 1543,6 мың адамға жеткен. Оның ішінде қалалалықтардың үлесі 248,7 мың адамды, яғни  (16,1 пайызды) құраса, 1294,9 мың адам (83,9 пайыз) ауыл тұрғындары.

Бұған дейін халық саны соңғы жартыжылдықта 9681 адамды құрады. Ал өткен жылда халық саны 9712 адамды құраған болатын. Сондай-ақ, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айында туғандар саны 13577 адамға жетсе,  қайтыс болғандар саны 3896 адамды құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға көбейген.

Көші-қон бойынша 2740 адам қоныс аударып келген. Оның ішінде сыртқы көші-қон бойынша 1422 адам, (866), ал ішкі көші-қон бойынша 1318 адам (32 адамды) құрайды.

Облыстағы халық санының өсуіне орай, әлеуметтік қажеттілік те туындайтыны белгілі. Мәселен, мектеп, балабақша, емхана секілді халық үшін ең қажетті мекемелер халық санының өсуіне орай, салынып отырады. Алматы облысындағы демографиялық жағдайдың өсуіне орай, алдағы уақытта 53 жаңа мектеп салынады. Мәселен, Алатау қаласында жайлы мектеп жобасына сәйкес, 900 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Одан бөлек, Алматы облысы бойынша  2024-2025 жылдары жалпы 53 жайлы мектеп салынады. Оның 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әртүрлі 26 жайлы мектепті биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ал емханаға келсек, кеше ғана Іле ауданына қарасты Жайнақ ауылында «Салаумадин» әмбебап емханасының іргетасы қаланған болатын. Сол кешеннің құрылысы аяқталып, халыққа қызмет ететін әмбебап емхананың тұсауы кесілді. Қазіргі уақытта емхана халыққа қызмет көрсетуді бастап кетті.

Сонымен қатар Талғар аудандық орталық ауруханасында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлы мен «A-class medical» компанияларыныі қолдауымен жаңа емхана ашылды. Мекемде мамандар денсаулық сақтау саласындағы барлық ақпаратты талдап, орталық онлайн режимде медициналық қызмет көрсету жүйесі туралы ақпарат бере отырып, күрделі және сыни жағдайлар туралы хабарлайды. Бұл амбулаториялық-емханалық көмек көрсету барысында туындайтын проблемаларды тез арада шешуге мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі тұрғындардың келешекте денсаулықтарын оңтайландыруға басты себеп болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір