• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:22:48
Алматы
+12°

12 Тамыз, 2024 NEWS

Германия Ресеймен соғысқа дайын болуға шақырды

Географиялық орналасуына байланысты Германия Ресей Федерациясымен қақтығыс болған жағдайда НАТО әскерін шығысқа бір жерден екінші жерге жіберетін плацдармға айналмақ. Сондықтан неміс әскери-теңіз күштерінің капитаны Михаэл Гисс Германияның соғысқа дайындалатын уақыты келгенін айтады. Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлады.

Көрнекі сурет

Гамбургтегі Бундесвер аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Михаэль Гисс Welt басылымына берген сұхбатында Германияның бес жылдан кейін Ресеймен арадағы соғысқа даярлықты бастау керегін айтты Оның сөзінше, қазіргі уақытта неміс саясаткерлерінің басты міндеті – соғысқа дайындалу.

“Менің солдат ретінде уақытым аяқталып келеді. Сондай-ақ мен бес жылдан кейін біздің қоғам сыртқы әскери қауіпке төтеп бере алатындай жағдайда болу керегін түсінемін”, – дейді Михаэль Гисс.

Оның айтуынша, географиялық орналасуына байланысты Германия Ресеймен соғыс болған жағдайда НАТО әскерлерін шығыс қапталға өткізетін жерге айналады.

"Бұл – саясат, бундесвер, экономика және қоғам үшін үлкен ортақ міндет. Сондай-ақ бұл Германиядағы ең үлкен порт НАТО күштеріне функционалдылық пен қолдау көрсету үшін пайдаланылатын Гамбургтегі маңызды инфрақұрылымға да қатысты”, – дейді ол.

Десе де капитан екі ел арасында әскери қақтығысты қоздырмай, ұтымды қадам жасауға шақырды. 

"Біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз, бізде футбол чемпионаты болды, Олимпиада ойындары бар, сондай-ақ Майоркаға демалуға барамыз. Мұның бәрі жақсы және солай болуы керек. Бірақ біз Германия мен Еуропаға қауіп төніп тұрғаны жайлы халықты хабардар етуіміз керек”, – дейді Михаэль Гисс.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Михаэль Гисс НАТО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір