• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қыркүйек, 15:57:35
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2024 NEWS

Халыққа Ақтау, Алматыдағы бұрынғы АЭС-терге экскурсия жасату керек - Ричарт Оликтон

Ядролық энергетиканың экономикалық және экологиялық пайдасын халыққа кеңінен түсіндіру керек. Халықаралық Radiant Energy Group компаниясының жетекшісі Ричарт Оликтон Jibek Joly телеарнасы эфирінде осындай пікір білдірді.

Фото: ашық дереккөзден

Ричарт Оликтонның айтуынша, бұл тұста халықаралық тәжірибені ескеру керек. Аталған компанияның зерттеу нәтижесі — атом энергетикасын қолдайтындар қарсы шыққандардан көп екенін анықтады. Бұған Еуропа мен Америкадағы энергетикалық дағдарыс себеп болған.

«Әлемде ядролық энергия сенімді қуат көзі саналады. Сондықтан осы ақпаратты халыққа түсіндіру маңызды. Менің ойымша алдымен халыққа шынайы ақпарат тарату керек. Мысалы, Ақтау, Алматы қалаларындағы бұрынғы атом электр стансаларына экскурсия жасату керек. Біздің компанияның негізгі міндеті де сол. Халықты барынша ақпарттандыру. Адамдар өз көздерімен көріп, оның пайдалы екендігіне көз жеткізгенде ғана қолдау білдіреді», — дейді Ричарт Оллингтон.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС халықаралық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір