• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қыркүйек, 15:53:13
Алматы
+35°

15 Тамыз, 2024 NEWS

3 спортшы, 2 бапкер — Коронавирус анықталған олимпиадашылардың хәлі қалай

Париж Олимпиадасында жүлде алған спортшылардан коронавирус инфекциясы табылған. Бұл туралы Кazinform тілшісіне ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтып берді.

Көрнекі сурет

«Коронавирус инфекциясы 3 спортшы (үшеуі де жүлдегер - ред.) мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасынан жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдауда. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман», - деді Диас Ахметшәріп. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір