16 Тамыз, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы Балқашта демалушылар жаппай улану дерегі тіркеліп, 14 адам ауруханаға түскенін хабарлады.
Информбюро сайтынынң дерегінше, уланғандардың тоғызы кәмелет жасына толмағандар. Инфекциялық бөлімге түскен 14 адамның барлығынан интоксикация мен ішек синдромдары анықталған.
Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Кейбірі ауруханаға жатудан бас тартып, бақылауға алынған.
Басқарма уланған азаматтар Балқаш көліндегі демалыс аймақтарының бірінде уланғанын растады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір