20 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Соңғы жылдары елімізде ауылдардың жойылу процессі үдеп барады. Бір жылда Қазақстанда тіркелген 6 208 ауылдың 78-і картадан жойылып кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Таратылған 78 ауылдың 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына, ал қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарына тиесілі.
Қазақстандағы ауылдық елді-мекендердің жартысынан астамында халық саны 500 адамнан аз, сондықтан олардың даму әлеуеті төмен деп бағаланды. 1 шілдедедегі көрсеткіш бойынша ауылдарда ел бойынша халықтың 37,3 пайызы тұрған, бір жыл ішінде бұл үлес 0,8 пайызға азайды.
1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті. Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір