• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 17:37:05
Алматы
+12°

(Баспасөзге шолу)

    Сочидегі  22-ші  қысқы олимпиаданың  басталғанына  бүгін  үшінші  күн.  Қазақстан  құрамасында 52 спортшы спорттың   Ал, қуантарлық жайт еліміздің  спорт костюмы үздіктер  қатарынан  көрінді. Sports.ru ресей порталы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы ең үздік  9 елдің ішінде, қазақстандық олимпиадашылардың киімдері де аталған. Рейтингке сәйкес, көрермендерге Бермуд, Кайман аралы, Швеция құрамасының шолақ шалбарлары, Германияның түрлі-түсті киімдері ұнаған. Құлақшын киген Ұлыбритания құрамасы, Жаңа Зеландияның тері тон жамылып шыққан ту ұстап шыққан спортшының келбеті көреременді тарта білген. Фавориттер тізімінде Қазақстанның көк туымен түстес костюмдері, АҚШ құрамасының жұлдызды-жолақты киімдері және Тонга құрамасының жалғыз өкілінің формасы да көреремен көзіне түскен.yuygffg

    Әзірге, спортшыларымыздың  ауыз толтырып айтарлық жетістік  жоқ.

Кеше 9 ақпанда қазақстандықтар спорттың үш түрі бойынша сынға түсті. Үміт артқан  биатлоншымыз Биатлоннан Елена Хрусталева Ванкувердегі ерлігін қайталай алмады. Тіпті маңайлай алған жоқ.Ол (+2:22.8) 57-ші орында қалды. Басқа да қазақстандықтар — Дарья Усанова  58-ші, Галина Вишневкая — 64-ші, Марина Лебедева  - 73-ші орынды қанағат тұтты,. Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев 33-ші орын алып, финалға өте алмады, деп  хабарлайды alaman.kz.yjyuj

Ал,  Бүгін 10 ақпанда Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 5 түрі бойынша қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олимпиаданың тағы бір күні қазақстандықтар үшін шорт-трек жарысынан басталады. 1500 қашықтыққа жүгіруден екі спортшымыз қатысады. Олар: 20 жасар Айдар Бекжанов БҚО-дан және 18 жасар Денис Никиша Қостанай облысынан. Оларға 36 спортшы қарсы тұрмақ. Жанкүйерлер Олимпиада паркінде "Айсберг" қысқы спорт сарайында 15:45-те жиналады. 16:27-де басталатын 500 метрлік жүгіруді БҚО тумасы конькимен жүгіруші Инна Симонова жалғастырады. Онымен бірге 32 спортшы өз бағын сынайды.

500 метр қашықтықтағы жарыста қазақстандық конькимен жүгіруші 22 жасар Роман Кречпен бірге 40 спортшы бәсекеге түседі. Жарыс 19:00-де «Адлер-Арена» конькимен жүгіру орталығында өтеді. Кешкі сағат тоғызда тау шаңғысы мен биатлон жарысына арналған «Лаура» кешенінде биатлон сайысына (12,5 қашықтық) ШҚО тумасы Ян Савицкий мен Сергей Наумик қатысады. Медальды есеп марафонына барлығы 60 спортшы шығады. «Санки» шаңғы спорты орталығында 20:45-те 18 жасар Елизавета Аксенова есімді отандасымыз өз күшін сынап көрмек. Онымен бірге 31 спортшы қатысады. Тағы 3 шығыс қазақстандық спортшымыз сағат 20:00-де ««Роза Хутор» экстрим-саябағында могул спорт түрі бойынша жарыс жолына шықпақ. Олар: 25 жасар Дмитрий Рейхерд, 17 жасар Павел Колмаков және 28 жасар Дмитрий Бармашов. Жарыс уақыттары Астана уақытымен берілген.

Айта  кету керек,  Қазақстан бұл олимпиадада  бағы  жанған  спортшыларға  үлкен көлемде сыйақы ұсынып  отыр.  Алтын медель әкелген қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар сыйақы төленеді. Сондай-ақ күміс медаль иегері 150 мың доллар, ал қоладан алқа таққан спортшы 75 мың доллар көлеміндегі  сыйақыға ие болады. Патриоттық  рух  кернеп,  сыйақы ұмтылыс болып,  спортшырымыз  додада жүзден жүйрік  шығарына сеніміміз  мол...

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір