• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:09:26
Алматы
+7°

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі хабарлады.

"8 күдіктіге сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта. Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр" — делінген хабарламада.

Еске ала кетейік, Қызылордада 16 жасар оқушы қызды сыныптастары азаптап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адам құқығы қоғам

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір