• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:13:56
+12°
Тамыз айының 7-20 аралығында Жетісу облысының орталық ауруханаларында арнайы кәсіби мамандандырылған облыстық балалар дәрігерлерінің жұмыс тобы 5 аудан мен 1 қалада балаларды арнайы қабылдады. Медициналық тексерістен өткізіп, консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті.
 
Осы уақыт аралығында барлығы 872 бала қаралып, 156 бала облыстық балалар ауруханасына жоспарлы түрде емделіп, толық тексерілуге шақыртылды.
 
Бұл үрдіс ары қарай жалғасып, 21-22-23 тамыз күндері Панфилов, Кербұлақ және Ескелді аудандарында өтті.
 
Басты байлық денсаулық, сол себепті балаларымыздың денсаулығына ерте жастан назар аударып, уақытылы дәрігерлерге қаралуын қамтамасыз еткен жөн.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: медициналық науқан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір