• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:22:14
Алматы
+8°

27 Тамыз, 2024 NEWS

2026-27 жылдары Ұлттық қордан алатын трансферт 2 трлн теңгеден көп болуы мүмкін – Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында салық реформасы бюджет кірісіне оң әсер етпесе, Ұлттық қордың қаражаты ортая беретінін айтты.

Көрнекі сурет

«Ұлттық қор параметрлерінің болжамы биыл және келесі жылдағы трансферттерді тарту туралы шешімдерге негізделген. Нәтижесінде Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 53,8 млрд доллар деңгейінде бағаланады. Ал 2027 жылы 74 млрд долларға дейін өседі. Бұл сомаға облигациялық несиелердің, «Қазатомөнеркәсіптің» акцияларын сатып алу кіреді. 2025 жылы 5,4 трлн теңге сомасында қаражат тарту жоспарланып отыр. Ал кейінгі болжам жасалған жылдары трансферттер көлемі тарихи көлемнен едәуір төмен болады. Атап айтқанда, 2026-2027 жылдар трансферттер сомасы тек 2 трлн теңге болады», - деді ол.

Тимур Сүлейменов Үкіметтің Ұлттық қор ақшасына байланысты жоспары осындай болғанымен, оның орындалмай қалуы мүмкін екенін айтады.

«Аталған жылдарда нысаналы трансферт көзделмеген. Біз, әрине, Ұлттық қордан қаражат тартуды азайту шараларын қолдаймыз. Сонымен бірге, егер, салық реформасы аясында республикалық бюджеттің кірісін едәуір арттыруға бағытталған елеулі және жүйелі шаралар іске асырылмаса, 2026-27 жылдары Ұлттық қордан қосымша қаражат алуды талап ететін тәуекел бар, жоқ емес», - деді Ұлттық банк басшысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір