Фотода Асқар Садықов
Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтан депутаттық мандаты алынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
""Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі №1 қаулыcының қабылдануына байланысты Асқар Аманбайұлы Садықов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігін жоғалтты деп танылсын" делінген ОСК қаулысында.
Партия төрағасы Азат Перуашев бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болғанын мәлім етті.
"Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды" делінген Перуашевтің телеграм арнасындағы жазбада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір