• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:20:55
+12°

02 Қыркүйек, 2024 NEWS

"Токиодан шынымен оздық па?" – Мусин уәде еткен мәселелер туралы айтты

"Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин байланыс рейтингіне қатысты сұраққа жауап берді.

Фото: ашық дереккөзден

Қандай рейтингте тұрғанымыздың маңызы жоқ. Егер бүгінгі жағдайда қала халқы сапалы интернетпен қамтамасыз етілмесе, онда сол іспен айналысуға тиіспіз. Өткен ісімізге баға беріп, кешегі күннен мықты бола түсуіміз керек, – деді ол.

Мусиннің сөзінше, Қазақстанда үш мобильді оператор жұмыс істейді.

"Қазақтелекомға" тиесілі мобильді операторлар үшін біз жауап береміз. "Kcell" акционерлік қоғамында өзінің менеджменті бар. Директорлар кеңесі бар. Біз "Қазақтелеком" компаниялар тобы ретінде басқарамыз. Бірақ операциялық тұрғыда біз басқаруға араласпаймыз. Бірақ мен жауапкершіліктен қашпаймын. Осыған дейін жіберілген қателер мен қазіргі проблемаларды шешу керек, - дейді Мусин.

БАҚ өкілі Қазақтелеком басшысынан "Сіз келгелі интернет сапасы жақсарды ма?" деп сұрады.

Жоқ, жақсарған жоқ, – деп қысқа қайырды Мусин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір