02 Қыркүйек, 2024 NEWS
Байқоңырда ғарыш кемесін ұшыруға дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр
Байқоңырда жаңа ғарыш кемесін ұшырудың соңғы тетіктері пысықталуда. 1 қыркүйекте Роскосмос мамандары "Союз МС-26"-ны "Союз-2.1 а" зымыранының өтпелі бөлігімен қондырды.
Көрнекі сурет
"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша, бұл бөлік кемені бас қаптамамен байланыстырады, оның командалық интерфейсін зымыранның борттық басқару жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етеді.
МКС-72 экспедициясының басталуы 11 қыркүйекке жоспарланған.
Бұған дейін "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінде ұшу сынақтары қашан басталатындығы хабарланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір