• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:19:32
Алматы
+8°

Астанада “ҚазАвтоЖол”-дың бұрынғы төрағасы мен мердігер ұйымдар жетекшілерінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Күдіктілерге Есіл өзені арқылы көпір салуға, "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген айып тағылған.

“Тергеу нұсқасы бойынша “ҚазАвтоЖол” ҰК АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты. Көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады” делінген прокуратура хабарламасында.

Сәуір айында қаржылық мониторинг агенттігі ұлттық компанияның экс-басшысы Асқар Мұратұлы бір көзден мемлекеттік тапсырыс өткізу арқылы заңсыз жолмен ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Ол ұлттық компанияны 2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы ақпанға дейін басқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір