• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қараша, 04:33:02
Алматы
+12°
Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Жайлы мектептерді басқаратын арнайы басқару жүйесі мемлекеттік болуы керек деп санайды.
 
"Назарбаев зияткерлік мектептерін басқаратын “НЗМ басқармасы” және Білім инновациялары мектептерін басқаратын “Білім Орда” қоры бар. Олар тиімді жұмыс атқаруда. Енді осындай жүйе бойынша арнайы мемлекеттік ұйым Жайлы мектептерді де басқаруы керек. Ол әдістемелік көмек көрсетіп, ұстаздармен жұмыс істеп, бағалау мен зерттеу жұмыстарын жүргізер еді. Біз биыл заңға осы мақсатта желілік мектептер туралы ұғым енгіздік және бұл жұмысты заңдастыру бойынша біршама норма қабылдадық. Бірақ, басқаратын орталық мемлекеттік болуы тиіс" деді депутат telegram арнасында.
 
Оның пікірінше, мұндай шешемі мектептердің жұмысын біріздендіріп, бағалау мен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ бағдарламалар мен әдістемелік қолдау көрсету үшін тиімді болар еді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір