05 Қыркүйек, 2024 NEWS
Фото: АШМ баспасөз қызметі
Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысы Үлкен Ақсу ауылында 2 бас ірі қара мал сынамаларынан сібір жарасы анықталып, ауылда карантин жарияланғанын хабарлады.
Ауылға мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және ауылдан әкетуге тыйым салынған. Ветеринариялық дәрігерлер малды тексеру, вакцинациялау және мал иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дезинфекция жүргізу үшін ауылға Республикалық эпизоотияға қарсы отряд көшірілмек.
Министрлік қолданыстағы алгоритмге сәйкес, ауылда ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізілетінін, жағдай ерекше бақылауда болатынын жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір