• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:28:10
Алматы
+12°

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев өзіне экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап, Жогорку Кенешке хат жолдады. Бұл туралы қырғызстандық басылымдар хабарлады. 

"Кеңес төрағасы Нұрланбек Шәкиев Ақаевтың хатын бізге жолдады, мен оны бүгін таңертең алдым. Бірақ бұл жылдам процесс емес. Барлық фракциямен, депутаттармен кеңесу керек. Егер бұл орынды болса, онда мәселе күн тәртібіне шығарылып, шешім қабылданады", - деді Қырғызстанның сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламенттік комитеттің басшысы Чолпон Султанбекова. 

Айта кетейік, Асқар Ақаев Қырғызстанды 1990-2005 жылдары басқарған. 2005 жылы елде болған "қызғалдақ төңкерісінен" кейін Ақаев отставкаға кеткен еді. Сол жылы Жогорку Кенеш шешімімен  "тұңғыш президент" мәртебесінен айырылған ол Ресейге қоныс аударған. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен кейін уақытша үкіметтің жарлығымен Ақаев "экс-президент" мәртебесінен де айырылған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір