• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 06:38:36
+8°

Қазгидромет демалыс күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайтынын хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр тіпті қар түсуі мүмкін.

Тек елдің батысында, солтүстік-батыс антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

""Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады" делінген синоптиктер хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір