• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 08:15:57
Алматы
+8°

19 Қыркүйек, 2024 NEWS

Көшпенділер ойындары Қазақстан экономикасына қанша қаражат әкелді?

Туризм және спорт министрлігі өткен екі аптада Қазақстанға 597 мыңнан астам шетелдік турист келгенін мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөзден

Министрлік жариялаған мәліметтерге сәйкес, қыркүйек айында елге 597 мың шетелдік турист келген. Олардың 68 мыңы Астана мен Алматы әуежайлары арқылы келсе, 529 мыңы жерүсті көлігімен келген.

Ең көп турист Қытайдан (33 мыңнан астам), Үндістаннан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген. Шетелдік қонақтардың жалпы шығындары 15,5 миллион доллар (7,5 миллиард теңге) болды. Алыс шетелдерден келген туристердің орташа шығындары 1500 доллар болған.

"8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстан экономикасына 625 мың доллар әкелді. Этноауыл мен шараның өзіне 250 мыңнан астам көрермен келген", - делінген ведомство хабарламасында.

Қыркүйек айының 8-13 күндері аралығында елордада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтті.

"Астана Арена" стадионында Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Шараның қонақтары ретінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түрікменстанның халық мәслихаты төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевтар қатысты.

Одан бөлек, 89 ел спортшыларының шеруі өтті. Ойындар 13 қыркүйекте аяқталды. Қорытынды бойынша, медальдар кестесінде Қазақстан 115 медальмен бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарға Қырғызстан мен Өзбекстан ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір