• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 06:49:31
Алматы
+8°

24 Қыркүйек, 2024 NEWS

Су тасқыны. Еліміз бойынша 2576 үй салынды

Су тасқанынан бүлінген 2576 үй қалпына келтірілді. Бұл туралы үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Фото: ашық дереккөзден

Баршамызға мәлім су тасқыны еліміздің 10 облысында болды. Жалпы алғанда, су тасқыны салдарынан 224 елді мекен, 17 603 тұрғын үй зардап шекті. Барлық зардап шеккен ғимаратқа техникалық тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша, 9 156 үй жөндеу жұмыстарынан өтті. Ал 8 447 үй қалпына келтіруге жатпайтын болып танылды.

Нәтижесінде, нарықтан 5 767 үй мен пәтер сатып алынды. 2680 жаңа үйдің құрылысы басталды. Жаңа тұрғын үй салу алаңдарын таңдау барысында оларды келешекте су басудан шектеу мақсатында жергілікті жердің рельефтері мен ландшафты ескерілгенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 2576 үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып, 4 айда аяқталды, - деді министр.

Шарлапаев құрылыс жұмыстарын бақылау үшін министрлік жанында Ахуалдық орталық құрылғанын айтады.

- Құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасын бақылау мақсатында әр өңірдегі құрылыс алаңдарына министрліктің және су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің қызметкерлері іссапарға жіберілді. Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік көмек» ақпараттық жүйесі залалды өтеу бойынша өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін ұйымдастыруына елеулі үлесін қосты. Цифрлық даму министрлігі мобильдік қосымшалар арқылы залалды өтеу өтінішін беруді қысқа уақытта ұйымдастырып, тиісті құжаттар болмаған жағдайдың өзінде өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды, - дейді құрылыс министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір