• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 07:26:30
Алматы
+8°

25 Қыркүйек, 2024 NEWS

Жоғарғы сот Қазақстанда хиджаб киетіндерді мектепке кіргізбеу заңсыз деп тапты

Қазақстандық оқушы қыздар енді сабаққа орамалмен қатыса алады. Жоғарғы сот балалардың білім алу құқығы шектеліп жатқанын атап өтіп, білім беру ұйымдарына бұл тыйымды заңсыз деп тапты.

Фото: ашық дереккөзден

Құқық қорғаушы Жаслан Аймағанбетов Instagram парақшасында Жоғарғы сот облыстық соттың шешімін бұзып тастағанын айтты.

"Жоғарғы сот қыздардың мектепте орамал таққанына байланысты балалардың білім алу құқығы мен орамал мәселесіне нүкте қойды. Жоғарғы Соты облыстық соттың шешімін бұзып, оқушының орамалына байланысты шектеулер білім алу құқығын бұзады деп таныды. Балалардың құқықтарын қорғауға бірнеше заңгер мен белсенділер қатысты", – дейді құқық қорғаушы.

Оның айтуынша, мұндай шешімдерді бұған дейін төрт облыстың соттары да мойындаған.

"Министрлік орамалмен күресіп жатқанда, Қазақстанда балалар арасындағы суицид пен зорлық-зомбылық көбейіп кетті, бұл өте өкінішті. Қалай болғанда да, сот билігі министрліктің ұстанымына емес, заң нормаларына қарайтыны жақсы", – деді ол.

Құқық қорғаушының жазбасы желіде дау тудырды. Біреулер Жоғарғы соттың шешімін қолдаса, енді біреулері қыздар өскенше орамал тақпауы керек деп есептейді.

"Балаға мектепте орамал тағып қажет емес деп ойлаймын. Қазір балалар өте қатыгез, олар мұны мазақ қылуы мүмкін. Екіншіден, бұл қыздың емес, ата-анасының қалауы. Қыз өссін, орамал таға ма, жоқ па, өзі шешеді”, – деді желі қолданушысы.

Тағы бір қолданушысы баланың есейгенін күтпей, көзқарасын қалыптастыра беру керек деп санайды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ошақтарында барлық оқушының мектеп формасын киюі маңызды екенін айтқан. Білім саласына қатысты мәселелерді басқа аспектілермен шатастырмау керегін түсіндірді.

Egov.kz мемлекеттік порталы мектеп қабырғасында хиджаб киюге тыйым салу ешбір дінге басымдық бермей, зайырлылық қағидаттарынп, ішкі тәртібін сақтау үшін енгізілгенін хабарлайды.

Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орамалды қыздардың таңдауын құрметтеп, оларды шектемеу керегін айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір