• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 06:30:35
+8°

26 Қыркүйек, 2024 NEWS

Сенатор: АЭС салу – климаттың өзгеруіне ықпал етеді

Сенатор Сұлтан Дүйсембинов Талғар ауданында АЭС салу мәселелері бойынша тұрғындарымен кездесу өткізді

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов Алматы облысындағы Талғар ауданында зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлерімен, ауыл еңбеккерлерімен және жастармен кездесті.

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу кездесудің негізгі тақырыбы болды. Сенатор өз сөзінде атом электр станциясын салу мәселесі еліміздің қазіргі энергетикалық мәселелерін шешудегі маңызды қадам екенін атап өтті. Дүйсембиновтың айтуынша, АЭС Қазақстанға электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысқа жауап беріп қана қоймай, болашақта тұрақты экономикалық өсімге негіз болады.

- Атом электр станциясы Қазақстанның көміртегі энергия көздеріне тәуелділігін азайтады, бұл еліміздің экологиялық жағдайына оң өзгерістер әкеледі. АЭС айналасындағы инфрақұрылымды дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірді дамытуға ықпал ететін болады, - деп атап өтті Сұлтан Дүйсембинов.

Сенатор сонымен қатар, атом энергиясын пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне егжей-тегжейлі тоқталды және оның экологиялық артықшылығын атап өтті. Ол атом энергетикасына көшу көміртегі шығарындысын азайтады және климаттың өзгеруіне ықпал етеді. Бұл әсіресе қазіргі экологиялық қауіп-қатер жағдайында маңызды екені айтылды.

Сұлтан Дүйсембинов кездесу соңында Талғар ауданының тұрғындарын 6 қазанда өтетін алдағы референдумға белсенді қатысуға және АЭС салу мәселесі бойынша өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: атом энергиясы АЭС

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір