• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:32:28
Алматы
+8°

02 Қазан, 2024 NEWS

Алатауда митингке шыққан ұстаздар жалақылары қысқарғанын айтып, президентке үндеу жолдады

Жаңа қаладағы мұғалімдердің митингке шыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Олар президенттен жалақыларын белгісіз себептермен қысқартып тастағанына назар аударуын сұрады.

Ашық дереккөзден

Алатау қаласының білім бөлімі 1 қазанда жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері №1 және №47 мектептерінің ұстаздар ұжымдарымен кездескенін хабарлады. Мұғалімдер жалақының әкімшілік-аумақтық құрылымның өзгеруіне байланысты қысқаруына алаңдаушылық білдірді.

Хабарламада 2024 жылдың 9 қаңтарынан бастап Алатау қаласына Қонаев қаласы, Іле және Талғар аудандарының бұрынғы құрамына кірген бірқатар елді мекендер қосылғаны айтылған. Осыған орай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы аумақтарда тұратын бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесінде өзгерістер болғаны атап өтілді.

"Туындаған мәселелерді жан-жақты қарастыру мақсатында кездесуге Алатау қаласы әкімінің орынбасары, қалалық білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ облыстық білім және ішкі саясат басқармаларының өкілдері шақырылды. Конструктивті диалог барысында еңбекақы мәселелері ғана емес, тұрғындар үшін өмірлік маңызды тақырыптар: көлікпен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, газдандыру мәселелері де талқыланды", – делінген хабарламада.

Білім бөлімі кездесудің нәтижесінде мұғалімдер ұжымдарымен өзара түсіністікке қол жеткізілгенін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жалақы мұғалімдер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір