• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 23:02:35
Алматы
+8°

02 Қазан, 2024 NEWS

АЭС-ті 100 пайыз Ресей салмайды, бұл – ақиқат – Мақсат Толықбай

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай журналистерге берген сұхбатында айтып берді.

Фото: ашық дереккөзден

Депутат Ресей санкцияның астында болғандықтан, Қазақстанға атом электр станциясын сала алмайтындығын айтты.

«Ресей АЭС-ті сала алмайды. Оған ешкім мүмкіндік те бермейді. Олар реакторларын сыртқа шығара алмайды. Онсыз да санкцияның астында. Қазір ұйымның талабын көрген шығарсыздар, бұдан кейін кез келген АЭС-ті бір мемлекет сала алмайды. Яғни, ең технологиясы озық Франция салса, не болмаса Оңтүстік Корея салса, соларға біз тәуелді болып қалмаймыз ба деген уайымдаушылық бар. Сондықтан салынған күннің өзінде де халықаралық концорциум құрылады. Енді жаңа мәжілісте де Катар мемлекеті, Біріккен Араб Әмірліктері инвестиция құйып жатқаны айтылды. Қазір тоқты қайдан алып отырмыз. Әбден тозығы жеткен жылу электр станцияларын жаңартуға күн, жел, су электр станцияларын қатар дамытатын боламыз. Шынымен энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, осы бағыттардың барлығын қатар алу керек деп есептеймін», – дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір