• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 01:47:10
+8°

02 Қазан, 2024 NEWS

Елімізде пилоттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды

Қазақстанда 2024 жылғы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткен пилоттық ауыл шаруашылығы санағы аяқталды.

Көрнекі сурет

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлімдеуінше, іс-шараның негізгі мақсаты – 2025 жылы негізгі санаққа дайындық ретінде деректерді жинау әдістерін, санақ парақтарын және бағдарламаларды сынақтан өткізу.

Санаққа заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығымен айналысатын үй шаруашылықтары қатысты.

Пилоттық санақ екі жолмен жүргізілді: sanaq.gov.kz сайтында онлайн және планшет қолдана отырып, үй шаруашылығын аралау арқылы. Сауалнаманы Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері елдегі әр өңірдің екі ауылдық және бір қалалық елді мекенінде, барлығы 54 елді мекенде интервьюерлерді тартпай жүзеге асырды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, пилоттық санаққа 44 мың респондент қатысты, олардың 31,8 мыңы – үй шаруашылықтары, ал 12,3 мыңы – шаруашылық жүргізуші субъектілері. Айта кетейік, 2025 жылы негізгі ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір