• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 20:32:29
Алматы
+8°

03 Қазан, 2024 NEWS

Жандосов көшесіндегі қате тұрғындардың ашуына тиді

Алматыда "Жандосов" көшесінің атауы жол белгісінде “Жандов”, “Жандососова” деп қате жазылған. Ерекше жол белгісі әлеуметттік желіде қызу талқыға түсті, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Stan.kz

Белгінің орысша жазылуында артық әріптер қосылса, қазақша нұсқасында әріптер жетіспеген. Яғни орысшасында “ЖандоСОСОва” және қазақшасындағы “Жандов” дегенде “со” әріптері түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, бұл белгі ұзақ уақыт ілініп тұрмаған, оны тез алып тастаған. Желі қолданушылары бұл қатенің себебі туралы әртүрлі болжамдар айтты.

Біреулер жол белгісін жасаған қызметкердің үш түн ұйықтамағанын немесе осы көше бойындағы кептелісте көп тұратынын қалжыңдап жазды.

"Жарайды, оны кім басып шығарса да, қателескен шығар? Бірақ оны алып, орнатқан адам қатені көрмеді ме?", "Бұл жерде күлудің орнына жылау керек", "Қап, енді қатені түзету үшін кемінде жарты миллион бөлу керек", "Мына түрлеріне қарамай АЭС салғалы жатыр", "Мемлекеттік органдарда сауатты адамдар отырмағанына тағы бір дәлел", "ЖандоСоСова Павлиашвили", "Жандосос деген кім, түзейтін маман жоқ па?", – деп желі қолданушылары пікір жазды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір