• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 15:51:15
Алматы
+12°

07 Қазан, 2024 NEWS

Қырғызстан мемлекеттік аурухана басшыларына жекеменшік емханаларда жұмыс істеуге тыйым салмақ

Қырғызстанда мемлекеттік емдеу мекемелерінің басшыларына жекеменшік емханаларда бір уақытта қызмет атқаруға тыйым салу ұсынысы жасалды.

Көрнекі сурет

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Айсұлу Мамашованың айтуынша, заң жобасы Қырғызстан азаматтарына сенімді және сапалы медициналық көмек көрсету үшін әзірленген.

«Мемлекеттік медициналық мекеме басшыларын жекеменшік емханаларда бір мезгілде жұмысқа орналастыруға тыйым салу ұсынылып отыр. Мемлекеттік медициналық мекемелерде басшылық қызметтерді атқаруды және жекеменшік емханаларда жұмыс істеуді шектеу сыбайлас жемқорлық схемаларының ықтималдығын азайтуға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға және халықтың денсаулық сақтау жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті халық депутаты.

Құжатты талқылау барысында тек басшыларға ғана емес, медициналық мекемелердің бөлім басшыларына да жекеменшік емханаларда жұмыс істеуге тыйым салу туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік медициналық мекеме басшыларының жалақысын көтеру және олардың қызметте болу мерзімін 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту мәселесі көтерілді.

Бұған дейін Қырғызстан парламенті енді заң қабылдауға асықпайтыны туралы хабарланған болатын.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір