• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:02:18
Алматы
+12°

08 Қазан, 2024 NEWS

"Бұл ыңғайсыз сұрақ": Энергетика министріне АЭС салынатын ауылға отбасыңызбен көшіп баруға дайынсыз ба деген сауал қойылды

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевқа АЭС салуды жоспарлап отырған Үлкен ауылына отбасыңызбен көшіп баруға дайынсыз ба деген сауал қойылды.

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев

Сондай-ақ министрге осы арқылы бұл жобаның қауіпсіз екенін көрсетуге әзірсіз бе деген сұрақ жолданды. 

Министрдің айтуынша, АЭС салу оның құрылысын бақылауға байланысты ұзақ мерзімді тексерулермен қатар жүреді.

"Қазіргі заманғы атом электр станциялары – барлық қажет физикалық, энергетикалық, радиологиялық құралдармен жабдықталған. Сондай-ақ шығарындылары аз, үш еселік бақылау деңгейі бар, белгілі бір операцияларды жүргізу тәртібімен жабдықталған экологиялық таза нысан. Әрине, тиісті шешімдер шығарылса ол жерге тұрақты түрде барып тұруды жоспарлап отырмын. Біз референдумның түпкілікті нәтижелерін күтеміз және кәсіби міндеттерімізді орындауға, ұсынылған шешімге жауапкершілікке негізделген электр энергиясының тапшылығын жабуға тырысамыз”, – деп жауап берді шенеунік.

Айта кетейік, Сатқалиев өзіне қойылған сұрақты ыңғайсыз деп таныды.

"Журналистер сұрақты жауабын есту мақсатымен емес, жай саботаж жасау үшін, әсер қалдыру немесе назар аударту үшін қояды. Меніңше, бұл да ыңғайсыз сұрақ”, – деді министр. 

Айта кетейік, мемлекет басшысы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жасаған жолдауында АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетінін хабарлаған еді. 

6 қазанда елімізде АЭС салу бойынша референдум өтті. Алғашқылардың бірі болып премьер-министр дауы берді. Кейіннен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді. Сосын еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп дауыс беріп, қазақ халқына бақыт тіледі.

Орталық референдум комиссиясы әрбір екі сағат сайын дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының дерегін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың 63,87%-ы бюллетень алды. Яғни дауыс беруі керек болған 12 244 683 адамның 7 820 918-і дауыс берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір