• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 01:10:53
Алматы
+12°

09 Қазан, 2024 NEWS

Алматы Мәдениет комитеті төрағасының орынбасарын жауапқа тартты

Ұлттық фильмдердi қаржыландырудың тиiмсiз қаржыландырылған фактiлерi анықталған

Көрнекі сурет

 Алматы қаласының прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеру кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне тексеру жүргізгендерін мәлімдеді.

Ұлттық фильмдердi қаржыландырудың тиiмсiз қаржыландырылған фактiлерi анықталған, онда ұлттық киноны қаржыландырудың экономикалық орынсыздығымен байланыстырылған.

«Мысалы, 2019-2021 жылдар кезеңінде «Выбор» кинофильмі оны түсірудің барлық кезеңінде 500 млн теңге сомасына толық көлемде қаржыландырылды. Алайда мемлекет толықтай қолдағанына қарамастан, аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады. Ал «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасы заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады», – делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір