• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:17:50
Алматы
+12°

09 Қазан, 2024 NEWS

"Азаматтарға қоңырау соқпайды": БЗЖҚ қазақстандықтарға алаяқтардан сақ болуға ескертеді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарға қор клиенттеріне қатысты алаяқтық фактілері көбейіп кеткенін ескертті.

Көрнекі сурет

Кейінгі кездері алаяқтар әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап тапқан. Соның бірі – салымшылар мен алушыларға қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғаны, сол үшін бөлімшеге бару қажеттігі және SMS арқылы электронды брондауға мүмкіндік бар екені туралы айтылады. 

"Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады. Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін мынаны білу керек: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз", делінген қор хабарламасында.

Өзіңді қалай қорғауға болады?

  • Ешқашан және ешкімге өзіңіздің кодтарыңызды немесе құпиясөздеріңізді айтпаңыз.
  • Ақпаратты ресми арналар арқылы тексеріңіз.
  • Егер сізге БЖЗҚ атынан қоңырау шалынса, телефонды қойып, Қорға тікелей хабарласыңыз!
  • Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек ұсынатын делдалдардың қызметін пайдаланбаңыз. Себебі олар сіздің жеке деректеріңізді өз мүдделері үшін пайдалануы мүмкін. 
  • Бұл ақпаратты бөлісіп, жақындарыңыз да хабардар болып, қорғалғанына көз жеткізіңіз.

Барлық сұрақтарыңызға жауап алып, ақпаратты тексеру үшін ЕНПФ бөлімшелерінде немесе қашықтықтан байланыс орнатуға болады: enpf.kz сайтында, БЖЗҚ/ЕНПФ мобильдік қосымшасы арқылы, 1418 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы немесе WhatsApp нөміріне +7 777 000 1418 хабарласу арқылы. 

Сонымен қатар БЗЖҚ-ның ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында, мысалы, "Одноклассники", Telegram, "Facebook", "ВКонтакте", "Х" ("Twitter") және "Instagram" арқылы байланысуға болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқтық БЖЗҚ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір