• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:20:54
Алматы
+12°

10 Қазан, 2024 NEWS

Теңге тұрақты валюта ма? - Вице-министр жауап берді

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов валютаның құнсыздануына не әсер ететінін айтты.

Көрнекі сурет

- Өздеріңізге мәлім, валютамыз тұрақты, бірақ оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Кез келген басқа валюта мемлекеттің экспорты мен импортына тәуелді болады. Сондықтан мұндай әсерден валюта бағамы өзгеруі мүмкін. Дегенмен валютаның тұрақталғанын байқаймыз. Мәселен инфляцияны есепке алмағанда ұлттық валютада депозиттердің кірісі шетел валютасына қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан өз басым ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін, - деді  Арман Қасенов Сенаттың кулуарында.

Қасенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияның азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін де түсіндірді.

- Елімізде ұзақ уақыт девальвация болған жоқ. Ол үшін нақты себептер болуы шарт. Ал қазір ондай үрдіс жоқ. Биыл экспорт былтырғыдан әлдеқайда жақсыр, ал импортымыз төмендеді. Бүгінгі таңда сауда балансы жақсы. Сондықтан ешқандай өзгеріске негіз жоқ, - деді Қасенов.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: экспорт ұлттық банк

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір