11 Қазан, 2024 NEWS
Қостанайда бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себебі айтылды
Қостанайда бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себебі белгілі болды. Бұдан бөлек облыстық прокуратура өкілдері қайғылы жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.
Көрнекі сурет
2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының төтенше жағдайлар бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Облыстық прокуратура мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылған. "Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын ала себебі - пешті қараусыз қалдыру. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ҚР Бас прокурорының бақылауына алынды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір